logo
search
menu

Басымызға отыруы қалып еді: Депутат Мухоряповтың үстінен іс қозғауды сұрады

Басымызға отыруы қалып еді: Депутат Мухоряповтың үстінен іс қозғауды сұрады
21 қазан, 2022
Басымызға отыруы қалып еді: Депутат Мухоряповтың үстінен іс қозғауды сұрады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 
    "Мухоряпов деген біреу мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жауап беруді мәдениетсіздікке жатқызыпты. Бұл – Қазақстан Республикасының Конституциясын мойындамау және қазақ халқының ар-намысына тию! Сондықтан ел арасында алауыздық туғызып, қазақтардың ар-намысын таптағаны үшін Бас Прокуратура оның үстінен қылмыстық іс қозғауы керек! Мәжіліс депутаты ретінде осыны талап етемін. Шыдамныңда шегі бар, енді тек бұлардың басымызға отыруы қалды!", - деп жазды ол.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы