logo
search
menu
Қазақстан Ресейдің газ ақысын тек рубльмен төлеуден бас тартты
ашық дереккөзі

Қазақстан Ресейдің газ ақысын тек рубльмен төлеуден бас тартты

Қазақстан Ресейдің газ ақысын тек рубльмен төлеуден бас тартты Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңында ЕАЭО-дағы ортақ газ мәселесі туралы баяндады, деп хабарлайды Taulik.kz.   
"Қол қойылған құжат жоқ, келіссөздер жүріп жатыр, кеше ғана өтті. Ресей тарапының ұсыныстарының бірі - барлық төлемдерді рубль арқылы өткізу болды. Біздің ұстанымымыз бойынша, бұл нұсқа келісім тараптарының таңдауында болуы керек еді", - деді министр.
"Газ сатып алу үшін ол (сатып алушы) кез келген валютаны таңдай алады және негізінен ешқандай шектеулер болмауы тиіс: ол кез келген ұлттық валюталар, соның ішінде ресейлік рубль мен біздің теңге болуы мүмкін", - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Taulik.kz