Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі алдыңғы 15 елдің қатарында
                                                                                                                                
Дүниежүзілік алтын қоры кеңесінің мәліметінше, Қазақстан алтын қоры бойынша алдыңғы қатардағы 15 елдің ішіне кірді.
Биыл қыркүйек-қазан айларындағы есеп бойынша Қазақстанның алтын қоры екі тоннаға өсіп, жалпы көлемі 375 тоннаны құрады.
Алдыңғы қатарда топ бастап тұрған –  АҚШ. Олардың қорында сегіз мың тоннаға жуық алтын бар. Екінші орында – Германия және Италия.
Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанда бір грамм алтын 25 мың теңгеге жуық.