Қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта талдырып, жеңіске жетті
Қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта талдырып, жеңіске жетті
22 қазан, 2022

Мазмұны
Ауыр салмақтағы қазақ боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) Амеркикадағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Taulik.kz Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
«Панда» лақап атты қазақтың қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэда (21-18, 15 КО) болды. Орландо қаласында өткен айқас сегіз раундқа есептелген еді, алайда, кездесу біріншісінде аяқталды. Серік мексикалықты есінен тандырды.
Қазақ боксшы биылдыққа үшінші жекпе-жек өткізіп отыр. Енді Мұсаділовтің есебінде 14 жеңіс, оның он екісі нокаутпен.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы