Мәзір
22 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қайғылы оқиға: Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға: Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға: Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты Қайғылы оқиға: Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
ашық дереккөзі

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 22 қазан күні түсте Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы тас жолында болған. Тас жолда Toyota Ipsum мен Lada Granta соқтығысты.

Оқиға салдарынан Toyota Ipsum көлігінің үш жолаушысы мен Lada Granta көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.  Түрлі жарақат алған тағы үш адам ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Taulik.kz

Апта талқысында: