Елдегі өзгеріс, елдегі жаңа бағттың жолында Қазақстан халқы бірігіп Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқатевтың қолдау мақсатында «Халықтық коалиция» құрды. Бұл бастамаға халық және бірнеше партия мен ұйымдар қосылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғандай, жұдырықтай жұмыла қосылды.
Халықтық коалицияның құрылуы жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының, елдегі бірліктің көрінісі деуге болады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық-саяси күштердің кең Халықтық коалициясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылуы, Мемлекет басшысының және оның жүргізіп жатқан ауқымды әлеуметтік-саяси реформалар бағытының халық тарапынан кең қолдауға ие екендігінің бірден-бір дәлелі.
Әр партияның өз көшбасшылары болатыны белгілі, бірақ бұл жерде мемлекетшілдік, ұлттық тұрғыдағы мәселе тұрғанын атап өткен дұрыс.
Басты мақсат – елде жасалып жатқан реформаларды соңына дейін жеткізу, олардың мызғымастығын қамтамасыз ету. Әлемдегі геосаяси жағдай ушығып бара жатыр. Осыдай кезде Қасым-Жомарт Тоқаевтай дипломат жоқ. Сондықтан осы жағдаяттардың барлығын ескере отырып, үш партия да ел мүддесі жолында үлкен мемлекетшілдік танытып, басқа да 20-дан астам қоғамдық ұйымдармен бірігіп, Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашевтың айтуынша, Халықтық коалиция – бұл қоғамдық топтасудың жаңа деңгейінің көрсеткіші, ынтымақтастықтың жарқын үлгісі.
«Референдум барысында да қоғамдық штаб Тоқаевтың саяси реформаларының барлық жақтасын біріктірді. Сол кездегідей, біз қазір біртұтас команда ретінде әрекет етеміз. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын көрнекті саяси мемлекет қайраткері ретінде ұсындық, бұл жалпыхалықтық таңдау», – деді ол.
Халықтық коалиция арқылы бірнеше күн ішінде 400 мыңға жуық қол жиналды. Жақын арада Жалпыреспубликалық сайлауалды штаб өз жұмысын бастайды. Оның құрамында Халықтық коалицияға кіретін барлық партия мен қоғамдық бірлестіктің көрнекті өкілдері болады.