logo
search
menu

АҚШ Қазақстан халқын мемлекеттік мереке күнімен құттықтады

АҚШ Қазақстан халқын мемлекеттік мереке күнімен құттықтады
25 қазан, 2022
АҚШ Қазақстан халқын мемлекеттік мереке күнімен құттықтады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан туралы айтып, Қазақстан халқын мемлекеттік мереке - Республика күнімен құттықтады.
    "Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан халқын жақында жарияланған 25 қазан - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. АҚШ Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығына бейілділігін қуаттайды және алдағы жылдары қарым-қатынасымыз одан әрі нығая түсетініне үміттіміз", - делінген хабарламада.
    Блинкен Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы күш-жігерді ілгерілететін жаһандық диалогтың көшбасшысы болып келе жатқанын атап өтті.
    "АҚШ Қазақстанның реформалық күн тәртібін толықтай қолдайды және олардың нақты, айқын әрекеттер арқылы тұтастай жүзеге асырылуын мақұлдаймыз. Қазақстан Орталық Азия жүрегiнде экономика және коммерцияда бағалы серіктес болып табылады және біз оның өңірдегі ортақ мақсаттарға жетудегі белсенді рөлін бағалаймыз. АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды және біз Қазақстан халқымен 31 жылдық берiк достығымызды мақтан тұтамыз", - деп толықтырды Мемлекеттік хатшы.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы