Мәзір
26 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Дәрет сындыр да, KVZVKHSTAN-ды тап»: дәретханадағы жазба желіде қызу талқыға түсті

«Дәрет сындыр да, KVZVKHSTAN-ды тап»: дәретханадағы жазба желіде қызу талқыға түсті

«Дәрет сындыр да, KVZVKHSTAN-ды тап»: дәретханадағы жазба желіде қызу талқыға түсті «Дәрет сындыр да, KVZVKHSTAN-ды тап»: дәретханадағы жазба желіде қызу талқыға түсті
ашық дереккөзі
Көкшетауда «Мята» барының дәретханасындағы «KVZVKHSTAN» жазуы желіде қызу талқыға түсті. Полиция департаменті жазбаға қатысты тексеріс бастады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты KazTAG басылымына сілтеме жасап. Желіде дәретханадағы постердің суреті тараған. Унитаздың жоғарғы жағындағы суретте жартылай жалаңаш әйел бейнеленген, ал денесіне «Қазақстан» деп жазылған. Сонымен қатар «дәрет сындырып, «KVZVKHSTAN-ды тап» делінген жазу бар. Желі қолданушылары бар иелерінің бұл жазбасына қатысты наразылық білдіріп, тергеу бастауды талап еткен. Алайда мекеме өкілдері мұны жоққа шығарды. Полиция қазір сурет авторын анықтау жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.
«Бұл материал арыздар мен шағымдарды тіркеу кітабына тіркелді. Сурет авторы мен Көкшетаудағы бардың дәретханасына жабыстырғандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Апта талқысында: