Әлемде ана мен бала арасындағы байланысты көрсететін алғашқы МРТ суреті пайда болды. Суретке үңілер болсақ, баламыздың маңдайынан сүйген сәтте, миымыздың қалай реакция беретінін байқауға болады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бұл сурет Массачусетс атындағы технологиялық университеттің нейробиологы Ребекки Сакстың екі айлық баласын сүйген сәтінен алынған.
Баланың миы тегіс әрі қараңғы болып көрінеді. Өйткені бала басында ақ заттар айтарлықтай аз.
Жалпы сүю мидағы химиялық реакцияны тудыратыны айқын. Соның ішінде окситоцин гормоны көбірек бөлінеді.
Окситоцинды көбіне “махаббат гормоны” деп атайды. Сүю, сүйісу ми жұмысын реттеп, допамин бөледі. Ал допамин бойдағы күш-қуатымызды, жалпы өзімізді жақсы сезінуге әкеледі. Одан бөлек, вазопрессин гармонын бөледі, бұл ана мен бала қатынасын одан әрі нығайта түседі.
Taulik.kz