logo
search
menu
ТикТок желісінің кеңселері Астана мен Алматы қалаларында ашылмақ
ашық дереккөзі

ТикТок желісінің кеңселері Астана мен Алматы қалаларында ашылмақ

ТикТок желісінің кеңселері Астана мен Алматы қалаларында ашылмақ
ТикТок кеңселері осы күзде Астана мен Алматы қалаларында ашылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz.  Бұл туралы «ТикТок Қазақстан» компаниясының бас директоры Анастасия Панина мәлімдеді. Сондай-ақ, сервис интерфейсі қазақ тіліне аударылады.
"Платформада ерекше контент жасайтын музыкант, мұғалімдерді, жас аналарды көреміз. Біз платформа ретінде қоғамдастыққа жақын болғымыз келеді, сондықтан осы күзде Қазақстанда өкілдік ашылады. TikTok мазмұнын барынша қызық және пайдалы ете отырып, білім беру ұйымдарымен, мемлекетпен көбірек жобалар шығаруға қуаныштымыз. Қазір қосымшаны қазақ тіліне аудару жұмыстары жүргізілуде", – деді Панина.

Taulik.kz