АҚШ президенті Джо Байден 25 қазанда Ресей ядролық қару қолданса, "ірі қателікке ұрынады" деп ескертті. Бұл туралы Taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Мәскеу Украинаны "өз аумағында радиоактивті заттары бар "лас бомбаны" жаруға дайындалып жатыр" деп айыптаған. Ресей басқыншылығына байланысты Украинаға көмек беріп жүрген АҚШ пен өзге елдер Ресей билігінің тұжырымын бірден жоққа шығарған.
Сейсенбі күні Байден Ресейдің өткен аптадан бері айтып жүрген мәлімдемесі жөнінде көп ойланғанын жеткізді.
"Біреудің атын жамылған операция болмайды деп кепілдік бере алмаймын. Біз білмейміз. Бірақ бұл өте ірі қателік болады" деді Ресей әскерінің ядролық қару қолдану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген Байден.
Киев пен одақтастары Ресей "лас бомба" қолданып, оны Украинадан "көруі" ықтимал деп қауіптенеді. Олардың айтуынша, Мәскеусоны пайдаланып, кәдімгі ядролық қару қолдануы мүмкін.
Taulik.kz