Шанхайда Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда мен инвестицияға арналған кездесу өтті. Шанхай кәсіпорындары Қазақстанға инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Kazakh Invest-тің Қытайдағы бас өкілі Қуаныш Амантайдың айтуынша, елімізге салынған инвестиция көлемі бойынша төртінші орынды Аспан асты елі иеленді. Қытай Еуропа, АҚШ және Ресейден кейінгі орында.
Айта кетейік, 2015 жылдан бастап екі мемлекеттің кәсіпорындары 50-ден астам жоба жасады, олардың жалпы құны – 20 млрд доллардан асады.