«Біздің туды жауып тастады»: Қазақ спортшысы мінбердегі дау туралы айтты
«Біз Қазақстанның туын көрсеткіміз келді, бірақ Түркияның спортшысы келіп, өз туын көтеріп тұра алса да, біздің туды жауып тастады. Бұл Диана екеумізге ұнамай, туымызды тағы да алға шығардық, бірақ ол да берілмеді. Кейін біз оны жоғары көтеруді шештік. Неге біздің қазақтың туын басқа ту жабуы керек? Кейінірек олар маған осы оқиғаның видеосын жібере бастады, ал ол барлық сайтқа тарап кетті», - дейді спортшы.