logo
search
menu

Пойыздағы төменгі орындардың бағасы қымбаттайды

Пойыздағы төменгі орындардың бағасы қымбаттайды
27 қазан, 2022
Пойыздағы төменгі орындардың бағасы қымбаттайды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін  коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді, деп хабарлайды Taulik.kz.  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды. Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады. Сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады: 1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»; 2. № 51/52 «Алматы – Орал»; 3. № 105/106  «Алматы-Петропавл»; 4. № 71/72 «Астана-Шымкент»; 5. № 29/30 «Алматы-Атырау».

    Taulik.kz

     
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы