АҚШ Еуропаға жаңартылған B61-12 тактикалық бомбаларын жіберуді жеделдетті, енді ядролық бомба желтоқсан айында НАТО базаларында болуы керек, деп хабарлайды Taulik.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпарат НАТО-ның Брюссельдегі жабық кездесуінен алынды. Онда америкалық шенеуніктер бомбалар Еуропаға жоспарланған уақыттан бұрын келеді деп мәлімдеді. Бастапқы жоспар бойынша оларды 2023 жылдың көктемінде жеткізу керек болған.
Басылым атап өткендей, Вашингтонның Еуропалық қоймалардағы ескі бомбаларды жаңаға ауыстыру туралы шешімі Ресейдің Украинада ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі артып, қақтығыстың жаңа деңгейге шығуына байланысты.