Мәзір
28 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны ауылына көшіп келгендерге баспана, жұмыс, мал беруге уәде етті (ВИДЕО)

Ақтөбе тұрғыны ауылына көшіп келгендерге баспана, жұмыс, мал беруге уәде етті (ВИДЕО)

Ақтөбе тұрғыны ауылына көшіп келгендерге баспана, жұмыс, мал беруге уәде етті  (ВИДЕО) Ақтөбе тұрғыны ауылына көшіп келгендерге баспана, жұмыс, мал беруге уәде етті  (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының тұрғыны кәсіпкер Жұмабай Бекмағамбетов қазақстандықтарды туған ауылынан көшпей, елді мекендердің жойылып кетуінен сақтануға шақырады. Ол тіпті ауылға көшіп келетіндерге баспана мен мал, жұмыс орындарын ұсынуға уәде берді. Ер адам осы әрекетімен шағын ауылды сақтап қалуға тырысып жүр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, Хромтау ауданындағы Қарлау ауылында 150 тұрғын бар. Бұл Жұмабай Бекмағамбетовтың туып-өскен жері. Ол осында отбасын құрып, сүйікті ісін дамытқан. Былтыр ол өз қаражатына бастауыш мектеп салып, жеткілікті түрде мұғалімдерді жұмысқа алған. Дегенмен, 40 орынға есептелген білім ошағында 13 бала ғана білім алып жатыр екен. Мектеп директоры Алмагүл Бекмағамбетованың айтуынша оқимын деушілерді мектеп қабылдауға дайын. Директор бала саны көп болса, білім бәйгесінде бәсекелестіктің де күшейе түсетінін алға тартады.
«Оқимын деушілерге орын жеткілікті. Балалар саны көп болса, салауатты бәсекелестік жағдайында таласа оқып, араласатын еді. Бізде барлық жағдай жасалған», - деді директор.
Шаруа қожалығының басшысы Жұмабай Бекмағамбетовтің өзі еңбекке жарамды ерлерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытып, тұрақты табыспен қамтамасыз етуге дайын екенін айтады.
«Басты мақсатым - осы ауылым Қарлауды жойылып кетуден сақтау. Өйткені болашағы бар мекен. Қалада пәтерден пәтерге көшіп, қиналғанша бізге келуге шақырамын. Алғаш тілек білдіріп, келгендерге бос үй алып беруге дайынмын. Өз атымнан сиыр мен 10 бас қой беремін. Ал келесі жылы үй салуды қолға алмақпын», - деді Жұмабай Бекмағамбетов.
https://www.youtube.com/watch?v=L48pPKQk7_4

Апта талқысында: