Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-қа үндеу жасады
«Дүниежүзіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін екі ел бір-бірімен тіл табысудың жолдарын табуы керек. Бүгінде бейбітшілік пен тыныштықтың бұзылғаны бәрімізге аян. Сондықтан АҚШ пен Қытай бірге халықаралық тұрақтылыққа ықпал етуі керек», - делінген Қытай басшысының жолдауында.Си Цзиньпиннің айтуынша, оның елі «екі елдің жаңа дәуірде бір-бірімен тіл табысуына мүмкіндік беретін жолдарды іздеуде өзара құрмет пен бейбіт қатар жүрген жағдайда АҚШ-пен ынтымақтасуға» дайын.