Мәзір
28 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Судья экс-министр Біртановқа қатысты үкімді түсіндірді: Не үшін сотталды?

Судья экс-министр Біртановқа қатысты үкімді түсіндірді: Не үшін сотталды?

Судья экс-министр Біртановқа қатысты үкімді түсіндірді: Не үшін сотталды? Судья экс-министр Біртановқа қатысты үкімді түсіндірді: Не үшін сотталды?
ашық дереккөзі
Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке не үшін мұндай үкім шығарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Біртановқа екі эпизод бойынша айып тағылды. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша – санитариялық авиацияның әуе кемесін пайдалану. Ол осы эпизод бойынша ақталды. Өйткені сот Біртановтың әрекеттерінде ҚК-нің 361-бабында, 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қарастырған жоқ», - деді судья.
«Екінші эпизод бойынша Біртанов Әбішевпен бірге жұмыс істемейтін платформаны қабылдап, орындалған жұмыстар актісіне қол қойды. Ал бұл жұмыс іс жүзінде орындалмаған. Олардың заңсыз әрекетінің нәтижесінде Хорватия компаниясының пайдасына 1,3 миллиард теңге бюджет қаражаты аударылды. Осылайша, лауазымдық өкілеттіктерді үшінші тұлғалардың пайдасына теріс пайдалану фактісі дәлелденді», - деді Ибрагим Әлкенов.  width= Сонымен қатар Әлкеновтің айтуынша, бұл сома мемлекет үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтырған.
«Олардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындыларымен, Исибаев, Цой және басқа да куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді. Қазіргі уақытта платформа жұмыс істемейді. Сот қылмыстық істің осы эпизоды бойынша сотталушыларды кінәлі деп тану үшін зерттелген дәлелдемелер жиынтығын жеткілікті деп санайды. Сот жазаны тағайындау кезінде Біртановтың үш кәмелетке толмаған баласы және Әбішевтің мүгедектігі бар кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді», – деді судья.
Әлкенов мемлекетке материалдық залал келтірген үшінші тұлғалардың шотына аударылған ақшаны тікелей сотталғандардың ұрламағанын түсіндірді.
«Алайда аударым сотталғандардың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, сот сотталғандарға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындау туралы қорытындыға келді», - деп қосты ол.
Айта кетейік, сот Елжан Біртановты қылмыстық кодекстің 361-бабы 3-бөлігі бойынша санитарлық авиация ұшағын қолданғаны үшін кінәсіз деп таныды. Ал Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, Біртановты 5 жылға бас бостандығын шектеуге, Олжас Әбішевке 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Апта талқысында: