logo
search
menu

Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде Қазақстан азаматы қайтыс болды

Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде Қазақстан азаматы қайтыс болды
30 қазан, 2022
Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде Қазақстан азаматы қайтыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Сеул қаласында болған қайғылы оқиға салдарынан бір қазақстандық қыз мерт болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
    «Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итхэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы