Мәзір
30 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Алдында келмей қойдың»: Жүрсін Ерман Ринат Зайытовқа телефон соқты (ВИДЕО)

«Алдында келмей қойдың»: Жүрсін Ерман Ринат Зайытовқа телефон соқты (ВИДЕО)

«Алдында келмей қойдың»: Жүрсін Ерман Ринат Зайытовқа телефон соқты (ВИДЕО) «Алдында келмей қойдың»: Жүрсін Ерман Ринат Зайытовқа телефон соқты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Азат алаң» бағдарламасында Жүрсін Ерман ақын Ринат Зайытовты айтысқа шақырып келтіре алмай жүргенін, Балғынбек Имашевтің өзін сотқа бермек болғанын және неліктен мәжіліс депутаты болғысы келетіні жайлы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ол Ринаттың талантты ақын екенін мойындайтынын жасырмады.
«Ол халыққа танымал болды. Оның фанаттары да көп. Бірақ сахна мен шын өмірдің ептеп орнын алмастырып алған сияқты. Одан кейін қайда жүр? Партия құрса қайда жүр? «Бүкіл заңды оқимын, дайындаламын. Сосын партия құрамын» деді. Кейін мұнысы болмай қалды. Қазір Ринаттың қайда жүргенін таба алмай қалдық. Жаңа көзіңше қоңырау соғып көрдім», – деді ол.
Алайда екінші нөміріне хабарласқанда, Ринат Зайытов тұтқаны алды. Бұның бәленбай нөмірі бар. Қазір бәріне звондап берейін. — Ринат, амансың ба? — Шүкір, жақсы. Өздеріңіз қалай? — Келесің бе айтысқа? — Қай айтысқа? — Қайсысы болса да. — Келемін. — Сен алдында келмей қойдың. Саған бөгет болып жатқан жоқпын ғой. Сені шақырып жатырмын ғой. — Сенің маған деген өкпең жоқ қой? — Сізге деген ешқандай өкпем жоқ. — Айтыстың ортасында ойнақтап жүруің керек. Қазақтың талантты баласысың. — Иә, мен де солай ойлаймын, деп аяқтады сөзін Ринат Зайытов. https://www.youtube.com/watch?v=qseTJ83Sm_w

Апта талқысында: