logo
search
menu

Ақордада күтпеген жайт болды (ВИДЕО)

Ақордада күтпеген жайт болды (ВИДЕО)
31 қазан, 2022
Ақордада күтпеген жайт болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мобилографы Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес төрағасының кездесуіне қатысуға келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көмектесті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Massaget.kz-ке слтеме жасап. Журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында видео жариялап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен кездесуінде болған оқиғаны айтып берді. Видеода Қырғызстан президенті делегациясының мүшелерінің Ақорда ғимаратына кіріп үлгергені, ал Жапаров Тоқаевпен қол алысуға асығып бара жатқанда күртешесін шешуді ұмытып кеткенін байқауға болады. Көрші республика басшысы этикет ережелерін бұзбау үшін сырт киімін асығыс шешіп, Тоқаевтың мобилографына ұстата салды. Еске салайық, 27 қазанда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес төрағасының кездесуі өтті.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы