logo
search
menu

«Ұлт саулығы - мемлекеттің байлығы» атты ашық есік күні өтті

«Ұлт саулығы - мемлекеттің байлығы» атты ашық есік күні өтті
31 қазан, 2022
«Ұлт саулығы - мемлекеттің байлығы» атты ашық есік күні өтті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігі мен аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ҰЛТ САУЛЫҒЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ БАЙЛЫҒЫ атты ашық есік күні ұйымдастырылып, Көксу ауданына алғаш рет Алматы қаласынан А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының тәжірибелі де, білікті дәрігерлері келіп, жергілікті тұрғындарды қабылдады. А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығынан арнайы келген кәсіби кардиохирург, кардиолог, гепатолог, нефролог, қан тамыр хирургы, гепатобилиарлық хирург, УДЗ дәрігерлері 1 күнде 300-ден аса адамды қабылдап, оларға қажетті кеңес пен медициналық көмек көрсетті. ⠀ Шара аясында аудандық дәрігерлермен өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылды және жергілікті 2 тұрғынға А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталық пен Көксу аудандық орталық ауруханасының хирургтері бірлесіп, лапароскопиялық ота жасады, сондай-ақ дәрігерлер арасында шеберлік сағаты мен семинар - лекциялар өтті.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы