Бұрынғы сайлаулардың бірінде үміткер елді құранмен, шариғат жолымен басқарғысы келген. Ол өзінің бұл пікірін ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссия алдында айтқан.
Лингвистикалық комиссияның мүшесі, қазіргі таңда «Егемен Қазақстан газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дихан Қамзабекұлы Есен Елеукеннің
«Yesti Podcast» жобасында өткен сайлаулардағы кандидаттардың әрекеттері туралы айтып берді.
«Бір кандидат былай дейді: «Мен пойызда түс көрдім, сол түсімде Президент болған екем, содан кейін қарасам барлық талаптарға сәйкес келіп тұр екем. Сондықтан үміткер болуды жөн көрдім», - дейді.
Ал келесісі «Мен Қазақстанды құранмен, шариғат жолымен басқарамын" деп келді» дейді Дихан Қамзабекұлы.