Мәзір
31 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Путинді сынағаны үшін 3 жылға сотталған белсенді Досов бостандыққа шықты

Путинді сынағаны үшін 3 жылға сотталған белсенді Досов бостандыққа шықты

Путинді сынағаны үшін 3 жылға сотталған белсенді Досов бостандыққа шықты Путинді сынағаны үшін 3 жылға сотталған белсенді Досов бостандыққа шықты
ашық дереккөзі
Ақтөбеде Ресей президенті Владимир Путинді сынаған жазбаларына бола «алауыздық тудырды» деп айыпталып, үш жылға сотталған белсенді Санат Досов шартты түрде мерзімінен бұрын босады. Бұл туралы Азаттыққа Санат Досовтың әйелі Әсел Жұмағазина хабарлады.
«Кеше түнде түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Қазір үйде, жазасының әлі өтелмеген сегіз жарым айы бар. Күйеуім бұған дейін бірнеше рет мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бергенімен, сот қанағаттандырмаған еді», - деді Әсел Жұмағазина.
Адвокат Дархан Мырзабековтің айтуынша, Досовтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қалалық сот қарап, қанағаттандырған. Адвокат Санат Досов шартты жазасының қалған мерзімінде полицияға барып белгіленіп тұратынын айтады. Ақтөбе облыстық №2 соты 2016 жылы 27 желтоқсанда Санат Досовты қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлімі бойынша («әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») айыпты деп танып, үш жылға соттаған. Қазақстан Жоғарғы соты былтыр 4 мамырда Санат Досовтың сот үкіміне берген кассациялық шағымын қараудан бас тартқан. 47 жастағы Санат Досов 2014 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың наурызы аралығында Facebook парақшасында жазған жазбаларында Ресей президентін «елді қиратты» деп айыптап, оның саясатын және Кремльдің Украина шығысындағы әрекетін сынаған.

Taulik.kz

Апта талқысында: