- Мектебіміздің 2013 жылғы түлегі еді. Өте жақсы оқыды, тіл үйренуге бейім болды. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпты бітірді. Сонан соң Қазан университетіне түсті, - дейді ол.Анасы Гүлбану Шерниязованың сөзінше, Мәдина - отбасындағы екі қыздың кішісі, сегізінші сыныптан корей тілін оқыған.
- Күйеуім Бейбіт Сеулге арнайы рейспен ұшу үшін Алматыға кетті. Ертең қызымыздың сүйегін Ақтөбеге жеткізіп қалар деп үміттеніп отырмыз. Қазақстаның Оңтүстік Кореядағы елшілігі хабарласып, көмектесуге уәде берді, - дейді Гүлбану Шерниязова.Сеулдегі Хэллоуин кезінде Ақтөбе облысында туған 1996 жылғы Қазақстан азаматы да қаза болғанын кеше Қазақстан сыртқы істер министрлігі Телеграм-арнасында хабарлаған.
"Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, құжаттарды рәсімдеу мен мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр" деп жазылған хабарламада.Қазақстан СІМ-іне ақпаратты Сеул полициясының жедел штабы хабар берген. Бұған дейін оқиғадан қаза болған 151 адамның 19-ы шетелдік екені хабарланған еді. Хэллоуинді тойлау Гамильтон қонақ үйі маңындағы тар көшелердің бірінде болған. Адамдардың сығылысып, бір-бірін таптап кетуіне не түрткі болғаны белгісіз. Ауданға шамамен 100 мың адам жиналған деп айтылады. Басым бөлігі 20-25-тегі жастар.
Дереккөз: azattyq.org