logo
search
menu

Павлодар облысында жүргізуші өз көлігінің астына түсіп, мерт болды (ВИДЕО)

Павлодар облысында жүргізуші өз көлігінің астына түсіп, мерт болды (ВИДЕО)
1 қараша, 2022
Павлодар облысында жүргізуші өз көлігінің астына түсіп, мерт болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға кеше сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласының жанармай құю станцияларының бірінің аумағында болған.
    «КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астында болған. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
    Аталған дерекке қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы