«Бақытгүл 10 айдан бері Антикордың қиялынан туған жаланың зардабын тартып келеді. Біз әке-шешеміздің тәрбиесін көріп, әкеміздің «Істегенді мойында, адал жолмен жүр» деген тәрбиесімен жүріп келеміз. Егер Бақытгүл пара алған адам болса, осылай ағайын-туыстары болып, оны қолдауға келер ме едік? Біреуге күлкілі болар, бірақ шынын айтқанда, Бақытгүлдің өз баспанасы да жоқ. Атырауда қызметтік пәтерде тұрды, Астанада Парламент үйінде тұрды», - деді інісі.Бұдан кейін Хаменова сотқа болған жайтқа қатысты 40 беттен тұратын өзінің уәжін жеткізді.
«Бұл бассыздық мен үшін және менің туыстарым үшін аса құнды абыройымды аяқ асты етті, жақындарымның денсаулығын нашарлатты. Ең сорақысы - науқас анама және балаларыма арнауға тиісті уақытымды ұрлады. “Хаменованың Адамовтан пара алу ниеті болды және параны Рысқалиев арқылы талап етті” деген айып жалаң сөз ғана», -деді Б. Хаменова.Тараптардың жарыссөзінен кейін сот төрағасы Жұмағали Ташимов келесі отырысты 14 қарашаға қалдырды.
Taulik.kz