«Осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның ұлы болып келетін Қызылжар ауданының 1966 жылғы тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бірінші бөлігі адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды», - дейді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.
Солтүстік Қазақстанда ер адам анасын пышақтап өлтірді
Солтүстік Қазақстанда ер адам анасын пышақтап өлтірді
2 қараша, 2022

Солтүстік Қазақстанда ер адам өз анасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, қанды оқиға Қызылжар ауданының Архангелское ауылында болған. 56 жастағы азамат сексеннен асқан анасына бірнеше рет пышақ сұққан. Артынша өз өзіне қол салмақшы болыпты. Екеуі де ауруханаға жеткізілген.
Ауыр жарақат салдарынан кейуана көз жұмды. Ал баласы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы