Мәзір
2 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Келінжан» сериалындағы Дариға Бадықова «жол апатына ұшырады»

«Келінжан» сериалындағы Дариға Бадықова «жол апатына ұшырады»

«Келінжан» сериалындағы Дариға Бадықова «жол апатына ұшырады» «Келінжан» сериалындағы Дариға Бадықова «жол апатына ұшырады»
ашық дереккөзі
Танымал актриса Дариға Бадық оқиғаның қалай болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Аман қалдық, шүкір! Біраз адамдар айтып жатады, иә? Отбасың бала-шағаң, ол сенің жеке өмірің, көрсетпе көз, өтеді, сөз өтеді.
Ол сөз бекер емес қой иә? Отбасымды көрсетпеуші едім. Әлде ойнаған рөлі өмірде қайталанды ма? Мүшелі жас па? деген ой мазалады. Әрине бәрі жаратушының ісі. Десе де көп жерде өзімізді сақтандыра алмай жатамыз. Күні кеше Сарыағашқа іс-шараға бардық. Өз машинамызды Шымкенттегі қонақ үйдің алдына қойып, демалып барайықшы деп, басқа машинаға отырдық. Той керемет өтіп жатты. Жолдасым елдің арасында, аттың басын жіберіп биледі. 22:30-да  Шымкентке жолға шықтық. Жолдасым алдында отырды ұйықтамай-ақ келе жатқанбыз, Сарыағашқа келгенде жүргізушіміз қарсы бағытқа шығып кетті. Жан даусым шықты.
Үлгерем деген ойы болды-ау, үлгермей екі машина қарама-қарсы соқтығысты. Қарама қарсы келе жатқан машинаны көру сұмдық екен. Даусымды шығармай өлдім болды дедім. Машинаның дөңгелегінің ұшып жатқанын көзіммен көрдім. Әйнектер қарма-қарсы ұшып бетіме шашымның арасына кіріп жатты. Машина тоқтай алмайды «тормаз бас» деп айқайлаймын.
Алдында отырған күйеуіме қарасам, үні шықпайды, қатып қалған. Басынан қан кетіп жатыр екен. Өзімді тез жинап, ең құрғанда біреуіміз қорғанайық дедім. Қорғануға тырыстым. Артық еш жерден ұстамай, басымды бетімді, орындықтың астына қарай тыға бердім. Машина тоқтай алмады. Бір кезде тоқтады, қаптаған адам сұмдық болды. «Тез түс әпше машинадан түтін шығып жатыр», - деді. Неге тоқтамасың деп айғайладым. Сөйтсек машинаның дөңгелектері жоқ. Дарханның басынан қан су сияқты аққанын көру қиын екен.
Дарханның жан даусы шығып тұр, қолымнан ұстамаңдар дейді. Анықтап барып қарасам, оң қолы салбырап тұр. Жедел жәрдем тез келді, ауруханаға апарды. Дарханды бірінші жібердік бізге қарағанда жағдайы ауыр болды. Әйнек кірген шекесін шыңғыртып тұрып тікті. Қолын рентгенге түсірді, жағдайы өте ауырқолы морт кеткен, операция деді. Гипс салып береміз Алматыдан жасаңыздар деді. Түнде қалаға келдік жол бойы қолы шыдатпады. Бірден ауруханаға келдік, травматологтар шошып операцияға дайындаймыз деп жатқызып тастады. Менің бетім сырылды шынтағыма зақым келді», - деп жазды Дариға Бадық.

Апта талқысында: