«Күздік те бар, соғым да бар. Неге десеңіз, кісі көп келеді. Қазы айналдыру дегенді ешкімге сенбеймін, өзім жасаймын. Ешкімге тапсыра алмаймын», - дейді ол.Наталья Иванқызы Ақтөбе облысында туып өскен. Орыс мектебін бітірген. Алайда бала кезінен қазақ тілін үйренуге құштарлығы мен қазақи ортамен араласу арқылы осындай деңгейге жеткен. https://www.youtube.com/watch?v=nnV-Fx04Tmg
«Жұма күні шелпек пісіремін»: Қарағандыда орыс қызы қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеп жүр
«Жұма күні шелпек пісіремін»: Қарағандыда орыс қызы қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеп жүр
3 қараша, 2022

Мазмұны
Қарағанды облысында ұлты орыс әйел қазақтың тілі мен салт-дәстүрін дәріптеп жүр. Тілді еркін меңгерген Наталья Арыстанова қазіргі уақытта ұлттық нақыштағы сыйлық, тарту-таралғы тігетін цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Астана арнасына сілтеме жасап.
Арнаның мәліметінше, Наталья Арыстанова - қазаққа келін болған. Бүгінде оның шағын кәсібі талай отбасына қуаныш сыйлап келеді. Наталья бұл бизнесті 4 жыл бұрын бастаған.
Кәсіпкер ұлттық нақыштағы бұйымдарды тіккендіктен, қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлеуді талап етеді. Өзге ұлт өкілдерін қазақша оқытады. Натальяның пікірінше, мемлекеттік тілді білу - әр қазақстандықтың парызы. Қысқа мерзімді 21 күндік курстардан өтіп, сертификат алады. Сонда кісілермен қазақша сөйлей алатын, мемлекеттік тілде қызмет көрсете алатын болады, - дейді Наталья Арыстанова.
Ал үйде Наталья барлық салт-дәстүрді сақтайтынын айтады. Оның сөзінше, жұма сайын міндетті түрде шелпек пісіріп, майдың иісін шығарады, сондай-ақ екі баласын қазақи тәрбиеге баулып отырады. Наталья қазаны да өзі айналдыратынын атап өтті.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы