logo
search
menu

Енді ел конституциясына хиджаб кию құқығы толық бекітіле ме?

Енді ел конституциясына хиджаб кию құқығы толық бекітіле ме?
3 қараша, 2022
Енді ел конституциясына хиджаб кию құқығы толық бекітіле ме?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, егер парламент Конституцияға тиісті түзетулер қабылдамаған жағдайда, елде әйелдердің хиджаб кию мәселесі бойынша референдум өткізуді жоққа шығармады, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.  Ол Конституцияға тиісті түзетулер пакеті дайындалғанын атап өтті. Қажет болған жағдайда құжатты талқылағаннан кейін ұсыныстар пысықталуы мүмкін. Осыдан кейін жоба Парламентке жіберіледі.
    «Конституцияға түзету енгізу туралы ұсыныс кең консенсуспен жүзеге асырылады деп үміттенеміз. Егер бұл келісімге қол жеткізілмесе, біз басқа қадамдар жасауға дайынбыз, соның ішінде плебисцит», - деп келтіреді оның сөзін Йени Шафак басылымы.
    Ел Конституциясында әйелдердің хиджаб кию құқығын бекіту туралы мәселені жалпыұлттық референдумға шығару мүмкіндігін қарастыру туралы Ердоған 22 қазанда хабарлаған болатын. Бастапқыда мұндай идеяны негізгі оппозициялық Халықтық-республикалық партияның (ҰКП) жетекшісі Кемал Кылычдароғлу ұсынды, ол тиісті заң жобасын Парламенттің қарауына енгізуді ұсынған еді.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы