Мәзір
3 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Зеленский президент болды ғой: Есен Елеукен сайлауға түсуге ниеті барын жеткізді

Зеленский президент болды ғой: Есен Елеукен сайлауға түсуге ниеті барын жеткізді

Зеленский президент болды ғой: Есен Елеукен сайлауға түсуге ниеті барын жеткізді Зеленский президент болды ғой: Есен Елеукен сайлауға түсуге ниеті барын жеткізді
ашық дереккөзі
Қоғам белсендісі Есен Елеукен «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында Мәжіліс депутаты болуға ниетті екенін айтты.
Шәкірттерімнің арасында аудиториясы 1 миллионнан асатын, Jaidarman-нан шыққан 30-дан аса жігіт бар. Бірақ осы жолғы сайлау емес, мүмкін кішігірім ұйым, мәслихат немесе Мәжіліске барамын деген ой болған. Праймеризге де түсемін дедім. Бірақ оған дайындық керек. Қаржылай емес. Сайлауға түсу үшін алдын ала бір этаптардан өтуім керек, - деді Есен Елеукен.
Келер жылға Парламентке ұсыныс түсіп, неге түспеске деген әңгіме де болып жатыр. Менің ғана емес, жалпы мені қолдайтын топтың идеясы. Зеленский президент болғаннан кейін барлығы: «Неге бізден де шықпасқа?» дейді. Зеленский күні кеше пайда болған жоқ қой. Оған 15 жылдай уақыты кетті. Дайындады. Жалпы, Украинаның қоғамы бізден бөлек. Олар Еуропаға жақын, ал біз мына жақта. Екі алып көршіміз бар дегендей. Көңілге қараймыз, - дейді Jaidarman жобасының жетекшісі.
«Осыған қатысты пікір білдіре бастасаң, әлеуметтік желіде кейбір оқырмандарымыз: «Сол клоундармен жүре берсеңші, саясат сенің не теңің?» деп жатады. Осыған қарап, кейде бір қарның ашып қалады. Себебі клоун, әртіс, спортшы болсын, олар да азамат ретінде өз ұстанымын айтуға құқылы. Мүмкін уақыты келгенде көрерміз, сайлауға түсерміз болашақта. Халық қолдап жатса, Мәжіліс депутаты болуға дайынмын», - дейді Есен Елеукен.

Taulik.kz

Апта талқысында: