Өкінішке қарай, бұл мәселе Қазақстанға да қатысты. Елімізде жыл сайын осындай 100-ден аса қылмыс тіркеледі. Бұған дейін ол 300-ге жеткен. Биылғы жылдың 4 айында 30-ға жуық адам саудасы фактісі анықталды. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, – деді ол.Министр елімізде көп жыл бойы ешкім адам саудасы проблемасын шешумен кешенді түрде айналыспағанын, мұндай қылмыстарға ықпал ететін шынайы себептер мен жағдайларға талдау жүргізілмегенін жеткізді. Сонымен қатар, қолда адам саудасының құрбандары туралы толық мәліметтің жоқтығын, адамдардың өздері полицияға келіп шағымданбайтынын ескертті.
Taulik.kz