logo
search
menu

Оқушылар қайтадан қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін

Оқушылар қайтадан қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін
3 қараша, 2022
Оқушылар қайтадан қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Елімізде ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциясы) өршіп тұр. Егер мектептерде сынып оқушыларының аталмыш дертті жұқтыру көрсеткіші 30 пайыздан асса, білім беру қашықтан оқу форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлім етті. Оның сөзінше, 1 қазаннан бастап Қазақстанда 764 247 ЖРВИ және 521 тұмауға ұшырау жағдайы тіркелген.
    «Пандемия кезінде қалыптасқан жағдай бойынша қазір білім беру ошақтарында қашықтан оқыту (онлайн) мүмкіндігі қарастырылған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің талабына сәйкес, бір сынып оқушыларының 20-30 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда қашықтан оқыту жүйесіне көшіру ұсынылады. Ал, бір сыныпта ЖРВИ-мен сырқаттанушылардың үлесі 30%-дан асқан жағдайда оқу онлайн-форматқа ауыстырылады», – деді басқарма басшысы.
    Taulik.kz
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы