logo
search
menu

Қазақстандық футболшы 6 млн еуроға Италия клубына ауыспақ

Қазақстандық футболшы 6 млн еуроға Италия клубына ауыспақ
4 қараша, 2022
Қазақстандық футболшы 6 млн еуроға Италия клубына ауыспақ
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Италияның «Аталанта» клубына ауыспақшы, деп хабарлайды Taulik.kz.  Италиялық команда Бахтиерге сырттай қызығушылық танытып, бақылап жүргендерін баяндад. Бұл туралы журналист Николо Скира мәлімдеді. Алайда, отандасымыз Зайнутдинов үшін бес-алты млн еуро сұрап отырғаны айқындалды. 24 жастағы Зайнутдинов Мәскеу командасында 2020 жылдан бері ойнап келеді. РПЛ-дің биылғы маусымында ол 13 матч ойнады. Ресейде Бахтиер «Ростов» үшін, ал Қазақстанда «Тараз» бен «Астанада» доп тепкен. Ал «Аталанта» клубы «А» сериясында 12 матчта 27 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы