logo
search
menu

Ақын Балтабек мысығына саяси өлең арнады (ФОТО)

Ақын Балтабек мысығына саяси өлең арнады (ФОТО)
4 қараша, 2022
Ақын Балтабек мысығына саяси өлең арнады (ФОТО)
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақын Балтабек Нұрғалиев мысығына саяси өлең арнады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. «Уа, мысығым, жылама, Китекат менен сұрама. Жаңарады бұл заман, Бір орында тұра ма? Тоқаев жеңсе сайлауда, Болады сонда тойлауға. Китекатқа тоярсың, Балтабек сөзден тайған ба? Уа, мысығым, Муркажан, Болсын мынау жұрт аман. Тоқаев жеңсе, сен жерсің, «Китекат» деген бір тағам. Дауыс берем ел үшін, Дауыс берем сен үшін. Тоқаевтай тұлғаның, Көрейік біз жеңісін. Мысығым-ау, жүдеусің, Тоқаев жеңсін, тілерсің. Ерлан аға Кариннің, Мысығындай жүрерсің! Китекат жеп, толарсың, Бақытты мысық боларсың. Сен қашпайсың шетелге, Қазақстанға адалсың. Мысығым-ау, мысығым, Тышқан аулар пысығым. Китекат жесең, күшті ғой, Толысады мүсінің! Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев», - деп жазды ақын Facebook желісіндегі парақшасында.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы