"Жағдай қазірдің өзінде қауіпті! Достар, мен мұндайды бірінші рет көріп отырмын: мектеп қабырғасын 2 бөлікке бөлген жарықшақты кабель желісімен жауып қойған", - деп жазды ол.Смағұловтың айтуынша, жарықшақ бүкіл ғимарат бойымен таралған және кейбір жерлерде шамамен 10 см құрайды. Сараптама сметадағы сәйкессіздіктер 100 млн теңгеден асатынын көрсеткен.
"Бірақ, ең бастысы, уәкілетті органдар құрылыс сараптамасын жасап, төтенше жағдайға көз жеткізуі керек", – деп атап өтті қоғам қайраткері.Алайда, Смағұловтың айтуынша, бірнеше ай бойы Антикор да, аудит департаменті де жауап бермейді. Желідегі резонанстан кейін Алматы қаласы білім басқармасының комиссиясы мектепте тексеру жүргізіп жатыр. Ашық дереккөздерге сүйенсек, мектептің құрылысын AK Construction компаниясы жүргізген.
Taulik.kz