logo
search
menu

Ресей әскерінде шегінген жауынгерлерді ататын арнайы жасақ құрылуы мүмкін екен

Ресей әскерінде шегінген жауынгерлерді ататын арнайы жасақ құрылуы мүмкін екен
5 қараша, 2022
Ресей әскерінде шегінген жауынгерлерді ататын арнайы жасақ құрылуы мүмкін екен
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ресей әскеріндегі жеке құрамның моральдық рухы төмен болуына, соғысуға ықыласты еместігіне байланысты оларды соғысуға мәжбүрлейтін арнайы жасақтар пайда болуы мүмкін. Мұндай деректі Ұлыбритания барлау қызметі ұсынып отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Халық үніне сілтеме жасап. Арнайы жасақ шегінген жауынгерлерді атып, өзгелерді қорқыту арқылы алға ұмтылуға мәжбүрлеумен айналысуы мүмкін. Барлау қызметі мұндай жасақтар Ресей әскерінде бұрын да қолданылғанын атап өткен, бірақ нақты қай кезде екенін ашып айтпаған. ВВС барлау қызметі екінші дүниежүзілік соғысты меңзеген болуы мүмкін деп санайды. Барлау қызметінің күнделікті ақпаратында ресейлік генералдар әскердегі командирлерге дезертирлерге қарсы қару қолдануға рұхсат берілуін қалар еді, дезертирлерді ату әскер рухының төмендігін, ұйымдастырудың жоқтығын білдіреді делінген.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы