Мәзір
5 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

2030 жылға қарай Қазақстан шөлге айналуы мүмкін

2030 жылға қарай Қазақстан шөлге айналуы мүмкін

2030 жылға қарай Қазақстан шөлге айналуы мүмкін 2030 жылға қарай Қазақстан шөлге айналуы мүмкін
ашық дереккөзі
2030 жылға қарай Қазақстан шөлге айналуы мүмкін. Мұны Экология министрлігі растап отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты inbusinesskz сайтына сілтеме жасап. Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанға арналған «үрейлі сценарийін» жариялады. Онда 2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы күшейіп, еліміз шөлге айналуы мүмкін екендігі айтылған.
«Қазақстан – су жөнінен көршілеріне тәуелді, суы тапшы ел. Оның бүкіл территориясының небәрі 2,8%-ын ғана өзен-көлдер алып жатыр. Қазірдің өзінде Қазақстан жерінің үштен екісі шөл және шөлейтті аймаққа айналды. Қазақстандағы судың жартысына жуығы көрші елдерден келеді. Тиісінше, трансшекаралық өзендерді бірлесе пайдалану бұл республика үшін өмірлік маңызды. БҰҰ Даму бағдарламасының дерегінше, соңғы жылдары өңірде климаттың өзгеруі қатты сезілуде. Температураның құбылуы артты, суық пен аптап ыстық толқын-толқынмен өрбиді, қуаңшылық барған сайын жиілеуде, су тапшылығы ушығып, осы ресурс үшін қақтығыстар туындауы ықтимал», – деп хабарлады БҰҰ.
Жаһандық ұйым Қырғызстан мен Тәжікстанды Орталық Азияның «су айдаушы мұнаралары» деп атады. Бірақ олардың да жағдайы сонша мәз емес. Біздің аймақтың тұщы суының шамамен 60 пайызы Тәжікстандағы тау мұздықтарында қордаланған еді. Алайда соңғы онжылдықтарда мұздықтардың көлемі 30 пайызға кеміген. БҰҰ мәліметінше, мыңнан астам мұздық толығымен дерлік жойылды. Орталық Азияда енді құрғақшылық, шөл және құмды дауылдар жиілеуі мүмкін. Олардың тіркелген саны соңғы онжылдықтың өзінде 2 есе жиілепті. Соның кесірінен, малдың жаппай қырылу, егістіктердің шетінен қурап, күйіп кету қаупі артады. Жаһандық ұйым биліктің осы мәселеге жете көңіл бөлмеуі кесірінен, ашынған, амал таппаған қазақстандықтардың ата-бабаның байырғы дәстүрін еске түсіріп, ұлы күштерге жалбарынып, жаңбыр шақыруға «тасаттық» беретініне назар аудартты. Енді болашақта Орталық Азияда су үшін соғыс болатынын болжап кеткен өзбек лидері, марқұм Ислам Кәрімовтың жорамалы шындыққа айналмасын делік.

Апта талқысында: