Taulik.kz
Пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам зардап шекті
Пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам зардап шекті
7 қараша, 2022

Мазмұны
Жексенбі күні Сеул қаласының орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам жапа шекті.
Пойызда 275 жолаушы болған. Ол Солтүстік Чолла провинциясында орналасқан Иксан қаласына (Сеулден 18 км қашықтықта орналасқан) бара жатқан.
Пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кеткен, оның бесеуі жолаушылар вагоны болған.
Болған оқиғаға байланысты осы желі арқылы өтетін пойыздар бір сағатқа тоқтатылды.
Болған жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы