Шымкентте арзан киімге таласқандар бір-бірін тапап кете жаздады
"Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлердің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған. Осыған байланысты ол жерде адамдар көп жиналған. Дүкен ашылған кезде адамдар бір-бірін итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пунктің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ. Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпараратында"Осындай акция жасамай-ақ қойыңдаршы халықты қинамай", "Мынау сұмдық қой, айтарға сөзім жоқ", "Тегін киім таратып жатқандай"-деп жазған бір оқырман.
Taulik.kz