«Карантиндегі отбасы» жобасының түсірілімі кезінде Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы отбасындағы кикілжіңдерді шешу жолдары туралы айтты, деп жазады Taulik.kz сайты.
Ләйлә Сұлтанқызы түсірілімге ұлы Сағадатпен қатысқан. Екеуі журналист Тимур Балымбетовтың түрлі сұрағына ашық жауап береміз деп, құпияларын ашып қойды.
«Карантин кезінде анамның тағам дайындағанын көп көрген жоқпын. Осы жексенбіде анашым пирог жасаған. Оның дәмін көргенде, үйдегі бар лимонның суын соған құртыпты», – деді ол анасын күлдіріп.
Ал карантин талаптарына кейінгі уақытта біраз үйренгенін айтты. «Бұл оқшаулау кезеңінің бір артықшылығы – балалармен жақын қарым-қатынас құра білуде» деді Сұлтанқызы.
Ләйлә Сұлтанқызы төтенше жағдай кезінде оқшаулануға мәжбүр болған ата-аналарға «карантин кезінде баланы көп қинамау керектігін» айтты.
«Бұл күндері баланы тым әсіре тәрбиелеп, белгілі бір шеңберден шығармай, қысып ұстауға болмайды. Балалар онсыз да күйзелісте жүр», – дейді ол.