Алматыда жаңа туған сәбилер балалары жоқ ата-аналарға сатылғаны анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz.
7 қарашада өткен брифингте тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, осы жылдың тамыз айында Алматыда жаңа туған нәрестелерді заңсыз асырап алу мақсатында сату фактілері анықталды.
«Жүргізілген іс-шаралар барысында жаңа туған балаларын тастап кеткісі келетін жүкті әйелдер мен баласыз ерлі-зайыптыларды іздеумен алдын ала келісім бойынша аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкерлері бар бір топ адам айналысқаны анықталды. Сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқан», - делінген хабарламада.
•Бір баланың «бағасы» 1-2 миллион теңге.
•Жалған құжаттар мен анықтамалардың құны 700 мың теңге.
Бес күдікті ұсталып, барлығы қамауға алынды.
Taulik.kz