Мәзір
7 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Туған әкем зорлады: Шымкентте 11 сынып оқушысы 5 жыл бойы зорлық көргенін айтты

Туған әкем зорлады: Шымкентте 11 сынып оқушысы 5 жыл бойы зорлық көргенін айтты

Туған әкем зорлады: Шымкентте 11 сынып оқушысы 5 жыл бойы зорлық көргенін айтты Туған әкем зорлады: Шымкентте 11 сынып оқушысы 5 жыл бойы зорлық көргенін айтты
ашық дереккөзі
Facebook әлеуметтік желісінде “НемолчиKz" қорының басшысы Дина Таңсәрі жантүршігерлік жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Taulik.kz. Жазбада Шымкентте 11 сынып оқушысының 7 сыныптан бері өз туған әкесінен зорлық көріп келе жатқанын айтқан. 
"Тик токта шымкенттік 11 сынып оқушысы 7 сыныптан бері оны туған әкесі зорлап келе жатқанын айтты. Қыз өзіне екі рет суицид жасамақ болған, өзі хабарлауға қорқады, отбасы көпбалалы отбасы", - деп жазды Дина Таңсәрі.
Департаменттің баспасөз қызметі мәлімдемеге түсініктеме берді.
"Бұл факт ҚР ҚК 122-бабы бойынша "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас"бойынша Шымкент қ.Қаратау тобының СДТБТ-да тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, оның ішінде бірқатар сараптамалар тағайындалды. Психологтар жасөспіріммен жұмыс істейді. Алайда, кәмелетке толмаған қыз және оның ата-анасы полицияға қандай да бір өтініштерден бас тартып, зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады. Іс Шымкент қаласы ПД басшылығының ерекше бақылауында".

Taulik.kz

 

Апта талқысында: