logo
search
menu

Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді - СМАЙЫЛОВ

Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді - СМАЙЫЛОВ
7 қараша, 2022
Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді - СМАЙЫЛОВ
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Еліміздің заңнамасына тағы да өзгерту енгізіледі. Бұл жолы мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді, деп хабарлайды Taulik.kz.

    ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бұл қабылданған заңнама туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

    "Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді", - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы