Мәзір
7 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Болашағынан айырды»: Маман Ербосынұлының ауыр халіне кім кінәлі екенін айтты

«Болашағынан айырды»: Маман Ербосынұлының ауыр халіне кім кінәлі екенін айтты

«Болашағынан айырды»: Маман Ербосынұлының ауыр халіне кім кінәлі екенін айтты «Болашағынан айырды»: Маман Ербосынұлының ауыр халіне кім кінәлі екенін айтты
ашық дереккөзі
Delcotimes.com порталының тілшісі Джек МакКаферри Vesti.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Әңгіме барысында ол отандасымыздың осындай қиын халге түскеніне кім жауапты екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Ербосынұлы мен Моррел арасындағы кездесу 6 қараша күні АҚШ-та өтті. Бұл кездесудің 12-раундында отандасымыз нокаутпен жеңілді. Кездесуден кейін оны Хеннепин аймағындағы Медициналық орталыққа алып кетіп, жасанды комаға жіберді.
«Бұл әрине трагедия. Кездесудің бірінші минутынан-ақ Моррелдің мықты екені көрінді. Қазақстандықтың ерік-жігеріне таңғалдым. Қанша соққы жіберсе де, соңына дейін шыдады. Қателікті оның бапкерлері жасады. Біріншіден, олардың Давидқа қарсы құрған жоспары жұмыс істемеді. Екіншіден, айқастың алтыншы раундынан кейін кездесуді тоқтату керек еді. Бапкерлер боксшының жағдайын дұрыс бағалай алмады. Сол үшін Айдос зардап шегуде. Менің ойымша, бұл жағдайдан кейін жақсы емделіп шықса да, Айдосқа кездесу өткізбеу керек. Кейде жеңілісті мойындаған да дұрыс. Мықты болып қайта оралу үшін. Ербосынұлының бапкерлері боксшыны болашағынан айырды», - деді МакКаферри.

Апта талқысында: