logo
search
menu

Комаға түскен боксшы Айдос Ербосынұлы есін жиды

Комаға түскен боксшы Айдос Ербосынұлы есін жиды
8 қараша, 2022
Комаға түскен боксшы Айдос Ербосынұлы есін жиды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Кейінгі жекпе-жегінен соң комаға түскен қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы есін жиды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты prosports.kz-ке сілтеме жасап. Кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте ауыр нокаутпен жеңілген соң боксшы жасанды комаға түскен еді. Боксшының өкілдері хабарлағандай, қазір Айдос есін жиған. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екі апта уақыт дәрігерлердің бақылауында болады. Екінші орта салмақтағы WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек кеше өтті. Моррель Ербосынұлын жекпе-жектің 12-раундында нокаутқа түсірген болатын.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы