12 жастағы алматылық мектеп оқушысына туған атасы зорлық-зомбылық жасаған. Бұл туралы НеМолчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қор мәліметінше, жақында 12 жасар алматылық жасөспірімді атасы азғындағаны белгілі болды.
«Анасы қызының атасымен хат алмасуын көргеннен кейін жасөспірім ер адамның бұл әрекеттері алты жастан басталғанын және азғындық әрекеттерден басқа, атасы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан», – деп жазған қор жетекшісі.
Оның айтуынша, атасы немересінен интимдік сипаттағы суреттерін жіберуді сұраған.
«Бұл жерде әңгіме тек фотосуреттерде ғана емес екенін бірден түсіндім. Кейін анасы қыздың атасы мен әжесіне қонаққа барудан әлдеқашан бас тартқанын естігенімде жүрегім бір сүмдықты сезді. Бала кейінірек барлық қорқынышты болжамдарымызды растап берді», – дейді ол.
Сондай-ақ белсенді Алматы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаровқа жүгінді.
«Арыстанғани Заппаров балаға қатысты ешқандай әділетсіздікке жол бермейді деп сенемін. Күдіктінің жақын туысы полиция қызметкері екені белгілі. Тергеу тағайындаған мемлекеттік адвокат өз жұмысын адал орындайды деген үміттеміз. Аты-жөні бізге белгілі және біз тергеу барысын қадағалайтын боламыз. Кіші қыздан басқа, атасы үлкенін де азғындамақ болған. Бірақ ол қарсы тұра алғандықтан ер адам оған жақындауға қорыққан. Ол қазір қамауда, біз әділ сот үкімі болатынына үміттенеміз», – делінген қор парақшасында.
Алматы қаласының полиция департаменті қыздың анасынан арыз 1 қараша күні түскенін хабарлады.
«Бұл факт ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды. Күдікті азамат У 1962 жылы туылған. ҚР ҚІЖК 128 бабы тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша жұмысты Алматы қаласының ПД тергеу басқармасы жүзеге асырады», – делінген хабарламада.