logo
search
menu

Ресей Херсонды тастап шықты

Ресей Херсонды тастап шықты
10 қараша, 2022
Ресей Херсонды тастап шықты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ресей әскерінің Украинаның Херсон облысындағы командирі генерал Сергей Суровикин Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға әскерилерді Херсон қаласынан Днепрдің оң жағалауына алып кетуге рұқсат сұрады. Шойгу бұл ұсыныспен келісіп, әскерді Днепр өзеніне қарай әкетуді бұйырды, деп хабарлайды Taulik.kz dalanews.kz сайтына сілтеме жасап. Ол мәлімдемесінде қазіргі жағдайда Херсон мен оған жақын елді-мекендердің қауіпсіздігін толыққанды қамтамасыз ету мүмкін емесін мойындады.
    «Жағдайды бағамдай келе Днепр өзенінің он жағалауында қорғанысқа мән беруді ұсынамын» деді Суровикин. Ол мұны «ауыр шешім», бірақ «адамдардың өмірін сақтау маңызды» деп бағалады.
    Ал Шойгу «ресейлік әскерилердің өмірі мен денсаулығы біз үшін қашанда қымбат. Бейбіт тұрғындардың өміріне төнген қауіпті де назарға алуымыз керек. Әскерді шығаруға кірісіп, әскери техникаларды, қарулы күштер мен әскерилерді Днепр өзенінен өткізу үшін барлық шараны қабылдаңыздар» деді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы