Мәзір
10 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Атырауда мұғалімді итеріп құлатқан оқушының анасы жауапқа тартылды

Атырауда мұғалімді итеріп құлатқан оқушының анасы жауапқа тартылды

Атырауда мұғалімді итеріп құлатқан оқушының анасы жауапқа тартылды Атырауда мұғалімді итеріп құлатқан оқушының анасы жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Атырауда мұғалімді итеріп құлатқан оқушының анасы жауапқа тартылды. Аталған істі Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады, деп хабарлайды Taulik.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биылғы 11 қазанда сағат 12:30 шамасында Б.-ның кәмелетке толмаған баласы, 7-сынып оқушысы А. тарих пәні сабағында мұғалімге күш қолданған. Салдарынан мұғалім жеңіл дене жарақатын алған. Жасөспірімнің заңды өкілінің кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен толық дәлелденді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігінің санкциясында 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза көзделген. Кінәні мойындаған жағдайда сот әкімшілік айыппұл сомасын 30% төмендете алады. Сот қаулысымен кәмелетке толмаған А.-ның анасы Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Бұл аталған баптың санкциясында көзделген айыппұл сомасының 30%-ын құрайды», – делінген хабарламада.

Апта талқысында: